Кәрім Бензема алғаш рет «Алтын доп» иегері атанды

Ойыншы спорттық карьерасында аталмыш марапатты алғаш рет алған.

«Реал» капитаны өткен жылы Ла Лигада өткізген 32 матчта 27 гол салып, 12 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар Чемпиондар Лигасында алаңға 12 ррет шығып 15 гол соқты. «Бланкос» сапында Испания біріншілігін жеңсе, Чемпиондар Лигасының финалында «Ливерпульді» ұтты.

Осыған дейін француз футболшыларының ішінде «Алтын допты» Раймон Коп (1958), Мишель Платини (1983, 1984, 1985), Жан Пьер-Папен (1991) және Зинедин Зидан (1998) алған.