Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Ерлан Ақбаров ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі геология комитетінің төрағасы болып тағайындалды, — делінген хабарламада.
Ерлан Ақбаров 1975 жылғы 25 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. В.И. Ленин атындағы қазақ политехникалық университетін, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Қарағанды техника университетін бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Жаңаөзен қаласындағы «ӨзенМұнайГаз» АҚ-да оператор болып бастады.
2002-2005 жылдары «Қазбұргаз» АҚ-да инженер-геолог болып жұмыс істеді. Әр жылдары жеке меншік компанияларда қызмет етті.
2018 жылғы қаңтардан 2019 жылғы сәуірге дейін – «Алматыдағы ҚР инвестициялар және даму министрлігі геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Оңтүстікқазжерқойнауы» Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті» РММ басшысының орынбасары;
2019 жылғы сәуірден бастап – «Алматыдағы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Оңтүстікқазжерқойнауы» Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті» РММ басшысы;
2020 жылғы маусымнан 2021 жылғы маусымға дейін – «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары;
2021 жылғы маусымнан қазіргі уақытқа дейін жеке меншік секторда жұмыс істеді.