Көптеген басқа елдер сияқты, темекі шегуге қарсы күрес Жапонияда да өткен ғасырдың соңында басталды, бірақ ол айтарлықтай нәтиже бермеді. Сонымен қатар жаппай темекі шегу ұлттың денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, ел экономикасына да айтарлықтай зиян келтірді. Ел билігі зиянды азайту тұжырымдамасында белгіленген тәсілдерді қолдана бастағанының арқасында жағдайды өзгерте алды. Яғни, темекі шегушілерге темекіні тұтынудың зияны азырақ заманауи баламаларын ұсынды.
Нәтижесінде кейінгі бес жылда Жапонияда темекі шегушілердің саны 30%-ке қысқарды. Бұл қоғамдық денсаулық сақтау жүйесіне ауыртпалықты азайтты, өйткені темекі шегуге байланысты аурулардың саны күрт төмендеді. Жану процесі жоқ балама өнімдерді пайдаланудың арқасында үй өрті саны азайды. Мұның бәрі елдің ЖІӨ-не оң әсер етті.
Мен Жапонияға алғаш рет өткен ғасырдың 90-шы жылдарының соңында бардым. Айналамдағылардың барлығы, әсіресе, жастар темекі шегетін. себебі бұл олар үшін бір сән болды. Орталық көшелерде темекі компанияларының жарнамалық билбордтары ілулі тұрды, тротуарларда темекі тұқылдары үйіліп жатты. Кейінгі жылдары айтарлықтай өзгерістер болды. Жарнамалық билбордтар жоқ. Көшеде темекі шегетін адамды, әсіресе, жүріп бара жатып темекі шегетін адамды кездестіру мүмкін емес, өйткені тиісті емес жерлерде темекі шеккені үшін айыппұл салынады. Көшеде темекі тұқылдары да азайған. Бұл — Жапонияда Зиянды азайту тұжырымдамасының принциптерін енгізуді нәтижесі. Бұл — жаһандық бастама, бірақ Жапония дамыған елдер арасында оны жүзеге асыруда әсерлі нәтижелерге қол жеткізді, — деді экономикалық шолушы Төлеген Асқаров.
Американдық қатерлі ісік қоғамының мәліметтері бойынша, 2000 жылы Жапонияның барлық ересек тұрғындарының ішінде ерлерінің шамамен 47,4%-і және әйелдерінің 33%-і темекі шегетін. Бірақ 2015 жылдан бастап темекі сатылымы күрт төмендей бастады. Кейінгі жылдары төмендеу алдыңғы жылдарға қарағанда бес есе жылдам болды. Бұл жүрек-қан тамырлары ауруларының статистикасына, халық арасындағы онкологияға оң әсер етті. Сандар темекі шегуге байланысты ауруханаға жатқызу жағдайларының төмендегенін көрсетті, себебі елде әдеттегі темекіні ысыра бастаған темекіні қыздыру құрылғылары танымал болды.
Сонымен, бес жыл ішінде Жапонияда темекіні қыздыру жүйелерінің үлесі 25% — ке дейін өсті, ал ұлттық зерттеу деректері түтінсіз құрылғыларды тұтынушылардың 76%-і темекі шегуден толығымен бас тартқан. Жапонияның Темекі институтының есебіне сәйкес, қазіргі заманғы гаджеттер пайда болғаннан бес жыл өткен соң темекі тұтыну 44%-ке азайды. Бұл — елде бұрын-соңды тіркелген темекіні тастаудың ең жоғары көрсеткіші.
Балама құралдардың пайдасына классикалық темекі шегуден бас тарту, бір жағынан, жаһандық тренд. бірақ Жапония бәрінен алда келе жатыр. Жапон қоғамында Зиянды азайту тұжырымдамасының арқасында темекіні жауапты тұтыну культі таралып жатыр деп айтуға болады. Темекі өткен шақта қалады, бірақ оны тұтыну тәсілі 21 ғасырдың талаптарына сәйкес болады. Мұның бәрі басқа жаһандық бастамаға – көміртегі бейтараптығына көшуге, оның атмосфераға шығарындыларын азайтуға және «жасыл экономикаға» көшуге жауап беретінін атап өткен жөн. Бұл қалыпты үрдіс, қоршаған ортаға жүктемені, қоғам денсаулығына зиянды азайту, қоғамдық денсаулық сақтау жүйесіне жүктемені төмендету және осы шаралардың жалпы нәтижесі ретінде ұлттық экономика үшін оң нәтиже, — деп атап өтті Төлеген Асқаров.
Жапония үлгісімен шабыттанған Ұлыбритания, Швеция және Жаңа Зеландия да жетістікке жетіп келеді. Көптеген сарапшылар жапондық тәжірибені басқа елдерде қолдануға болады деген пікірмен келіседі.