Министрліктің басапасөз қызметінің хабарлауынша, аталған мәселе министрліктің ерекше бақылауында.
Бүгінгі таңда Halyk Market платформасына өңірлік операторларды қосу жұмыстары жалғасып жатыр. Қазір 428 өңірлік оператордың тек екеуі ғана осы платформа арқылы көмірді әлеуметтік бағамен саудалайды.
Атап айтқанда, Қостанай облысы мен Алматы қаласында орналасқан операторлар. Ендігі кезекте платформаға қосылу үшін Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды және Жамбыл облыстары тарапынан өтінімдер келіп түскен.
Жергілікті атқарушы органдар Halyk Market қосымшасына өңірлік операторларды қосу бойынша жұмысты күшейтіп, бұл үрдісті цифрлық форматқа ауыстырулары қажет. Сонымен қатар халықты және коммуналдық-тұрмыстық секторды көмірмен қамтамасыз ету жөніндегі ақпаратты уақытылы ұсынып отыруды тапсырамын, – деді Қайырбек Өскенбаев.