Басты бетЖаңалықтарПрезидент әскери доктринаға өзгеріс енгізді

Президент әскери доктринаға өзгеріс енгізді

Құжат 2022 жылдың 12 қазанында жарияланды.

  • Әскери-саяси және әскери-стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу мақсатында қарсы тұратын мемлекетті немесе өңір мемлекеттерін «қару-жарақ бәсекесіне» тарту, қарулы қарсы күресте олардың ресурстары мен мүмкіндіктерін сарқылту үшін әскери күш көрсету жүзеге асырылуы мүмкін.
  • Әскери жанжал басталғанға дейін және қарулы күрес барысында мемлекеттегі жағдайды тұрақсыздандыру, оның әскери және әскери-экономикалық әлеуетін төмендету мақсатында мемлекеттің әскери ұйымының ақпараттық жүйелеріне, елдің күнделікті тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріне бағдарламалық-техникалық әсер ету (кибершабуыл) жүзеге асырылуы мүмкін.
  • Әлемдік аренада мемлекет айналасында теріс ахуалды қалыптастыру мақсатында ақпараттық кеңістікте күшейтілген әсер ету жүргізілуі мүмкін.

Құжаттың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көруге болады.