Басты бетЖаңалықтарАқордада Сердар...

Ақордада Сердар Бердімұхамедовті салтанатты қарсы алу шарасы өтті

Мәртебелі мейманның сапарына орай салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді.

Осыдан кейін президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік гимнін орындады.

Әнұранды тыңдап болғаннан кейін Сердар Бердімұхамедов пен Қасым-Жомарт Тоқаев кілемше бойымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына қарай жүрді. Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді.

Сонан соң Бердімұхамедов пен Тоқаев құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді.

Түрікменстан президенті құрметті қарауыл бастығымен қоштасып, Қазақстан президентімен шағын құрамдағы кездесуге өтті.