Басты бет Жаңалықтар Қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды

Қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды

Ресейліктер Курск облысына қарасты Поныри ауданында жүргізген іздестіру жұмыстары кезінде белгісіз сарбаздың сүйегі табылған. Бұл туралы «Застава св. Ильи Муромца» әскери-патриоттық қайырымдылық қорының басшысы біздің елге жолдаған хатында жазған, - деп хабарлайды Inform.kz.

Андрей Фетисовтың мәлімдеуінше, жауынгердің қалтасында Құран мен кішкене сауыт (медальон) табылған. Онда анасы Пулумгуз Ахмамбекова екені және оның Сайрам ауданы, Молотов колхозында тұратыны көрсетіліпті.

Жауынгер анықтамасыЖауынгердің сүйегі табылған аумақта  НКВД -ның 140-шы Сібір атқыштар дивизиясы соғысқаны анықталды. Іздестіру тобы зерттей келе, жауынгердің ОҚО, Сайрам ауданы, Манкент стансасынан майданға 1942 жылы 17 наурызда аттанғанын нақтылаған. Мекен-жайы Манкент стансасы, Қарабұлақ пошта бөлімшесі, Молотов колхозы екені белгілі болды.

Ресейліктер қазір жауынгердің туған туыстарын іздестіруде. Сондай-ақ, олар жат елде қаза тапқан жауынгерді осы жылдың 7 мамыр күні РФ, Курск облысы, Поныри ауданында құранмен қоса қайта жерлеу жоспарланып отырғанын ескертеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version