Бүгін кеңес мүшесі ретінде Түрікменстан президенті, құрметті Сердар Гурбангулыұлы Бердімұхамедов отырысқа алғаш рет қатысып отыр. Осы жердегі әріптестердің және өзімнің атымнан сізге қош келдіңіз дей отырып, жауапты мемлекеттік қызметіңізге табыс тілеймін — деді мемлекет басшысы.
Сонымен қатар президент бүгінгі кездесуде қандай мәселелер талқыланатынын айтты.
ТМД мемлекеттерінің кезекті отырысын ашық деп жариялаймын. Бүгін мемлекет басшыларының кеңесінің қарауына гуманитарлық серіктестік, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және достастығымызға қатысты өзге де мәселелер ұсынылып отыр.
Осыған дейін шараға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан басшылары, сонымен бірге атқару комитетінің төрағасы – ТМД атқарушы хатшысы қатысатыны айтылған.