Басты бетЖаңалықтарАлматының жаңа...

Алматының жаңа бас жоспары жыл соңына дейін қабылданады

Кездесуге келген тұрғындардың бірі қаладағы құрылыс компанияларының жауапсыздығына шағымданды.

Неге құрылысшылар ешкіммен санаспайды? Олар өзен арнасының маңында құрылыс жүргізеді. Біз сейсмикалық аймақтамыз. Егер кенеттен үйлер құлап, арна бітеліп, сел жүрсе ше? Бұл туралы біреу ойлады ма?,- деп сұрады қала тұрғыны.

Ерболат Досаев әкімдік жыл соңына дейін «Алматының 2040 жылға дейінгі бас жоспарын» әзірлеп, қабылдауды жоспарлап отырғанын айтты.

Онда құрылысты қай жерге салуға болады, қай жерде салуға болмайды — барлығы көрсетіледі. Нүктелі және тығыз құрылыс бойынша жаңа ереже қабылданды, онда құрысшыларға біраз шектеу қойылды. Бұл ережелер ұзақ уақыт қолданылады деп үміттенемін, ақыры ретке келтіре алатын болдық. Ал өзен арнасының бойындағы ғимараттарға келсек, қала құрылысы талаптарына сәйкес су қорғау аймағынан 35 метрден жақын емес жерде орналасуы керек, — деді Ерболат Досаев.

Әкімнің айтуынша, барлық жерде, әсіресе Алматыда сапа талаптары мен құрылыс тәртібі мәселесі өте маңызды.

Өйткені, біз 9-10 баллдық сейсмикалық аймақта тұрамыз. Біз бұл жұмысты мемлекет басшысының тапсырмасымен атқарып жатырмыз. Келесі жылы әкімдік қажетті талаптарды пысықтайды. Қала жүйелі түрде қалыпты дамиды деп үміттенемін, — деді қала әкімі.