Басты бет Жаңалықтар Қазақстандық оқушы «Қара жорға» билейтін робот жасады

Қазақстандық оқушы «Қара жорға» билейтін робот жасады

Семейдегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Әділ Ордаев пен ұстазы Бақытбек Нұрлыбекұлы арнайы бағдарлама түзіп, билейтін робот шығарды.

Жобаны жасауға бірнеше ай уақыт кеткен. Бағдарламасы тез жасалғанмен, 18 бөлшектен құралған моторды ұлттық биге көндіру оңай болмапты. «Дегенмен талмай ізденіп, табандылық көрсеткенде ғана нәтижеге қол жеткізуге болады», — дейді Әділ.

Әділ Ордаев, Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы:
— Роботты тек қана билеткізбей, оған жан беру керек деп ойлаймын. Сондықтан біз роботтарды билеткізу кезінде, әрбір қозғалысты сақтау кезінде өзіміздің жүрегіміздің кішкене бөлігін бердік деп санаймыз. Болашақта олар тек «Қара жорға» ғана емес, «Қамажай» билерін де билейді деген ойдамын.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version