Қымбатты ағам, Қасым-Жомарт Тоқаев мырза, құрметті қонақтар, мен АӨСШК саммитіне қатысқаныма қуаныштымын. Тоқаев мырзаға және қазақ бауырларға қонақжайлық үшін алғысымды білдіремін. Сонымен қатар осы отырысқа қатысқан Кувейтке қош келдіңіздер деймін. Мұның барлығына жақсылық әкелгенін қалаймын, — деді Түркия президенті.
Оның айтуынша, Түркия басынан бастап конференцияға қатысушылар құрамын кеңейту бастамасын қолдаған. Ол жаһандық қауіпсіздік архитектурасы неғұрлым әділ және тең құқықты түсіну негізінде құрылуы керек екенін атап өтті.
Украинадағы кейінгі дағдарысты аймақтық және жаһандық деңгейде көріп отырмыз. Әділ әлемге әрқашан дипломатия арқылы қол жеткізуге болады. Соғыста жеңімпаз жоқ. Екінші жағынан, біздің БҰҰ-мен соғыстың жағымсыз салдарын жою жөніндегі қарқынды күш-жігеріміз бүкіл әлем бойынша мойындалды. Қара теңіз арқылы Украина астығын экспорттау туралы Ыстамбұл келісімі және өткен айда басталған тұтқын алмасу жұмыстары — осы бағыттағы елеулі жетістіктер. Біздің мақсатымыз — жергілікті жерлердегі барлық қиындыққа қарамастан, қол жеткізілген қарқынды сақтау және қантөгісті мүмкіндігінше тезірек тоқтату, — деді Ердоған.
Түркия президенті лаңкестік туралы айтып, Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылық орнату қажет екенін жеткізді.