Науқан аясында ЮНИСЕФ психологтары мен сарапшылары Ninety One тобымен, Colorit және Mona Songz музыка орындаушыларымен және танымал travel-автор Әсет Мырзабаевпен бірге ментал денсаулық пен өзін өзі күтудің маңыздылығы, эмоционал жағдайды реттеу әдістері туралы тікелей эфирлер сериясын өткізеді және күйзелісті азайту бойынша практикалық кеңестерді талқылайды. Сонымен бірге #ментальноездоровье хэштегі арқылы пайдаланушылар танымал TikTok контент авторларының интернетте де, одан тыс жерлерде де позитив көзқарасты сақтау және олардың ментал күйіне қамқорлық жасау туралы пайдалы және шабыттандыратын видеоларды көре алады.
TikTok пайдаланушылар үшін түсінбеушіліктен қорықпай еркін шығармашылық жасай алатын және өздерін білдіре алатын қауіпсіз кеңістік құруға тырысады. Платформадағы тақырыптың танымалдығы контентке деген сұранысты растайды: мысалы, #ментальноездоровье хэштегі қазірдің өзінде 179 миллион қаралым, ал #заботаосебе хештегі 60 миллионнан астам қаралым жинады.
10 қазаннан бастап TikTok және ЮНИСЕФ бір апта ішінде психология саласындағы сарапшылар танымал қазақстандық музыканттармен бірге өздерінің ментал денсаулығын қалай сақтау және бақылау және жақындарына күрделі эмоционал жағдайда қалай көмектесу керектігі туралы сөйлесетін тікелей эфирлер сериясын өткізеді. Науқанға сонымен бірге платформаның танымал креаторлары қатысады — Janiya @janiya.mamiжәне bludkidd @supernovamuslab музыканттары, Нұрсұлтан Қиябай @skin_delicious_kz және Назира Османканова @dr.osmankanova бьюти-авторлар – олар өздерінің ментал жай-күйін қолдау бойынша өз ұсыныстарын жазады.
Эфирлердің кестесі (Астана уақыты бойынша):
- 10 қазан сағат 12:00-де — «Ментал әл-ауқаттың маңыздылығы» — Светлана Богатырева, «Just Support» қорының атқарушы директоры, психология магистрі және отбасылық психолог саяхат туралы аккаунт авторы Әсет Мырзабаевпен бірге эмоционалды әл-ауқаттың маңыздылығы туралы айтып, өзін-өзі бақылау және эмоционалды денсаулықты бақылау туралы практикалық кеңестер береді.
- 10 қазан сағат 20:00-де – «Әркімнің психикалық денсаулығын қорғауға құқығы бар» — Халида Әжіғұлова, құқық докторы (PhD), буллинг пен кибербуллингтен қорғау жөніндегі жаттықтырушымузыкант Mona Songz-пен бірге мәселенің құқықтық сипатын және заң біздің ментал денсаулығымызды қалай қорғайтынын талқылайды.
- 11 қазан 19:00-де – «Эмоционалды реттеу стратегиялары» — отбасылық психолог Ержан Мырзабаев пен Ninety One тобы ашуды эмоционал реттеу және басқару стратегиялары, сонымен бірге зейін техникасы, күйзеліске төзімділік және позитив көзқарастар туралы сөйлеседі.
- 12 қазан 00: 00-де – «Күйзеліс пен мазасыздықты қалай жеңуге болады» — психолог және Жастар сарайындағы балалар психологиялық клубының жетекшісі Ирина Юсупова және Colorit музыканты күйзелісті азайту және мазасыздықты жеңілдету бойынша кеңестерді талқылайды.