Adal komek жобасы аясында азаматтарды қабылдау өтеді

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары!

2022 жылғы 21 қыркүйекте сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін «Адал көмек» жобасы шеңберінде Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің сервис орталығында азаматтарды қабылдау өтеді!

Жобаның мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ өмірлік маңызы бар мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік осал топтарына құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Іс-шара барысында жалпы ТКШ қызметтері және тариф құру саласы бойынша тегін заң көмегі көрсетілетін болады.

Құқықтық кеңес көрсететін: Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Қырықбаев Данияр Батанович.

Мекен-жайы:» Аntikor ortalyǵy»,  Жібек жолы көшесі, 15 (қиылысы Барибаева)

Анықтама және онлайн тіркелу үшін байланыс телефондары: WhatsApp +7(707) 993 16 03