Басты бетЖаңалықтарАнтикор құрылыс...

Антикор құрылыс саласындағы ірі мердігерлермен жемқорлыққа қарсы кеңес өткізді

Бұл туралы ведомстваның баспасөз қызметі хабарлады.

Кеңеске Алматы әкімі аппаратының, қала құрылыс басқармасының өкілдері, басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдары және құрылыс саласындағы мердігерлер қатысты.

Кездесу барысында мердігерлер құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізген кезде «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңдардың нормалары түсіндірілді.

Мемлекеттік сараптама сомасын азайту, құрылыс-монтаж жұмыстарын сатып алу тәртібін қайта қарау мәселелері талқыланды.