АӨСШК-нің Қаржы саммитін тұрақты алаңға айналдыруды ұсынамын. Қаржы саммиті Қытай Халық Республикасының бастамасымен АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің қаржы саласындағы ынтымақтастығын жандандыру мақсатында өтті. Қаржы саммитінің трансформациясы экономиканы қалпына келтіруге, онықты әрі инклюзивті дамуға, Кеңес аясында өңірлік және субөңірлік қаржылық ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы орайда мемлекет басшысы, АӨСШК кеңістігінде, яғни Шанхайда, Дубайда және Астанада ірі қаржы орталықтары табысты жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
Белгіленген міндеттерді шешу үшін олардың әлеуетін толыққанды пайдалануға болады, — деді президент.