Басты бет Жаңалықтар Азиада-2017: Трамплиннен шаңғымен секіруде Сергей Ткаченко қола алды

Азиада-2017: Трамплиннен шаңғымен секіруде Сергей Ткаченко қола алды

Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарының төртінші күні ел еншісіне тағы бір қола медаль түсті, деп хабарлайды Inform.kz

Трамплин спорты бойынша тұғырдан секіруден Сергей Ткаченко (238.0 ұпай) қола жүлдені жеңіп алды. Бұл сайыста 254.0 нәтижемен алтынды жапондық Юкия Сато иеленсе, екінші орынға оның жерлесі Юкен Иваса (251.0) тұрақтады. Қазақстандық спортшылардың бірі Жапаров — жетінші орында (198.5), ал Сабыржан Мүмінов пен Константин Соколенко — тоғызыншы орынды иеленді (178.5).

Айта кетейік кетейік, бұған дейін қазақ спортшылары 4 медаль жеңіп алған болатын. Сонымен жалпы 1 алтын, 2 күміс және 2 қола медальға да қол жеткіздік.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version