Басты бетЖаңалықтарҚуаныш Елікбаев...

Қуаныш Елікбаев сауда министрлігі комитетінің басшысы болды

Бұл туралы Primeminister.kz сайты хабарлады.

ҚР сауда және интеграция министрі бұйрығы бойынша, Қуаныш Нұрланұлы Елікбаев сауда және интеграция министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы болып тағайындалды, — делінген хабарламада.

Қуаныш Елікбаев 1988 жылы Қостанай облысында дүниеге келген.

Қазақстан-Британ техникалық университетін, Халықаралық бизнес университетін, Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетін, Ресей сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын, Ресей халықтар достығы университетін бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы бағдарламашы-жүйе әкімшісі болып бастаған.

2006-2007 жылдары жеке меншік компанияларда жұмыс істеген.

2009-2012 жылдары «Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы» АҚ-да («Мұнай және газ ақпараттық-сараптамалық орталығы») жетекші маман, бас сарапшы, басқарма бастығы, Техникалық реттеу департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеген.

2012-2014 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияда (Мәскеу) техникалық регламенттерді әзірлеу бөлімінің консультанты, Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің әдіснама бөлімінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.

2015-2016 жылдары – ҚР ұлттық экономика министрлігі халықаралық экономикалық интеграция департаменті бас сарапшының м.а., бас сарапшы, ЕурАзЭҚ және Кеден одағының жұмыс істеу мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы болған.

2016 жылы ҚР ИИДМ техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК бас директордың орынбасары болған.

2017-2021 жылдары – Еуразиялық экономикалық комиссияда (Мәскеу) ішкі нарықтардың жұмыс істеу департаменті директорының орынбасары болды.

2022 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР СИМ техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары болған.

Бұрын осы қызметте болған Арман Дәулетұлы Әбенов берілген өтінішіне сәйкес қызметтен босатылған.