Басты бетЖаңалықтарНесиенің үстемақысы...

Несиенің үстемақысы азаюы мүмкін

Бірінші кезекте бұл инфляция деңгейін 6-8 пайыз көлемінде ұстап тұру үшін жасалмақ. Бірақ Ұлттық банктің бұл шешімі депозиттердің үстеме пайызының түсуіне де алып келеді.

Қаңтар айында елдегі инфляция деңгейі 7,9 пайыз болған. Бұл көрсеткіш Ұлттық банктің болжамымен сәйкес келіп отыр. Бірінші кезекте теңге нығайып, отандастарымыздың ұлттық валютаға деген сенімі арта түсіпті. Желтоқсанмен салыстырғанда өткен айда халықтың долларды 2 есе аз сатып алуы осыған дәлел болса керек. Ал теңгемен ашылған депозиттердің үлесі 47 пайызға дейін артқан екен.

Келесі өзгерістер сәуір айында болады. Экономистер базалық мөлшерлеменің түсуі болашақта берілген несиелерді қайта қаржыландыру кезінде пайыздық мөлшерлемесінің түсуіне септігін тигізуі мүмкін дейді. Ал бас банкир депозиттердің пайызын төмендету жайлы тіс жармағанымен, бұл шешімді екінші деңгейлі банк басшыларының өздері қабылдауына мүмкіндік жасап отырған көрінеді.

Әкімжан Арупов, экономист:

– Екінші деңгейлі банктердің басты қоры Ұлттық банктің 10-12 пайызбен берген қаржысы болғандықтан, біз мөлшерлемелердің түсетінін байқайтын боламыз. Ол несиеге де, депозитке де қатысты. Бірақ депозитке қойылған пайыз түспей, несиенің арзандауын күтудің қажеті жоқ.

ДереккөзKtk.kz