Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында...

Алматы облысында 15 бейіт тоналды

Бұл туралы Almaty.tv телеарнасы хабарлады.

Жерге кіріп кетердей болдым. Бұлай істегендері қай сасқандары?! Мұны адам істемей алмайды. Бұлар адам емес!,  — деді Ұзынағаш ауылының тұрғыны Марат Қарабаев.

Бүкіл зиратта бір кездегі әдемі шойын қоршаулардан тек бағаналар мен қираған іргетас қалған. Туыстары осында жерленгендердің бірі Зухра Қарабаева. Зиратта әйелдің анасы жерленген. Әйел жағдайды көріп, жағасын ұстағанын айтады. Шарбақты бұзып, алып кеткен, іргетас бүлінген. Ол полицияға арызданған, алайда қылмыскерлер әлі табылмаған.

Ата-апамыз жерленген мына шарбаққа 38 жыл болды. Мұндай бірінші рет болып тұр. Бұл қорқынышты! Адамдар неге қатыгез болып кеткенін де түсінбеймін. Адамдар Құдайдан да, тозақтан да қорықпайтын болған ба?! Мұндай вандализммен айналысу қорқынышты ғой. Зираттан бірдеңені қалай алып кетуге болады?! — деді Зухра Қарабаева.

Барлығы 15 бейіт тоналған. Жеңіл металдан жасалған қоршаулар сол күйінде қалған, шойыннан жасалғандары ұрланған.

24 қыркүйекте түскен арыз бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бейіттері талан-таражға түскен жерленгендердің туыстары оқиға жайлы хабардар етіледі. Мұндай жағдаймен бірінші рет кездесіп тұрмын, — деді Жамбыл аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Жарқын Ершанов.

Осы оқиғадан кейін полицейлер металл жинау орындарына рейд жүргізіп жатыр. Әзірге бұл нәтиже бермеген. Қазір зиратта тәртіп сақшылары тәулік бойы кезекшілікте тұр.