11 қазанда Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 54 және 55-баптарына, сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясының 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Хайролла Мағауияұлы Ғабжалилов құжат тапсырды, — делінген хабарламада.
Оның кандидатурасын «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынып отыр.
Тапсырылған құжаттар тізбесі:
1. «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;
2. Хайролла Ғабжалиловтің президенттікке кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;
3. Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;
4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5. Жоғары білімі туралы дипломының көшірмесі.