Оның айтуынша, қазір «7-20-25» орнына жаңа ипотекалық бағдарлама әзірленіп жатыр. Жақында презентациясы өтеді. Оның шарттары заң жобасы аясында қаралып жатыр.
Ең бастысы, алғашқы жарна және қолжетімді ставка болуы керек. Қолдан келсе, біз бүкіл халық үшін мөлшерлемені 7%-тен асырмаймыз, — деді Өскенбаев үкімет кулуарында.
Бұған дейін 2022 жылдың соңында «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы аяқталуы мүмкін екені хабарланған болатын. Өйткені бағдарламаны қаржыландыруға тартылған 1 триллион теңге аяқталуға жақын.
2022 жылғы 29 қыркүйектегі жағдай бойынша «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 701,5 миллиард теңгеге 54 мың қарыз берілді.