Басты бетҚоғамӘуелі халықтың...

Әуелі халықтың жағдайы ескерілуі керек

Енді әлемдегі геосаяси жағдайдың ушығып, мемлекеттердің бір-бірімен текетіресі біздің елге әсер ететіні белгілі. Өзіміз саясаттың адамы емеспіз, бірақ қазіргі ахуалда ел бірлігі қажет.

Қазір Ресейден келіп жатқандар көп. Бастарына күн туып, іс түскен соң келіп жатқан болар. Осындай жағдайды біздің басымызға бермеуін тілейік. Енді бірі шекараны жабуы керек дейді. Шыны керек, олай істей алмаймыз. Өз шекарамыздың қорғаны мықты болмай тұрып, оларға біз ештеңе істей алмаймыз. Бізді анталап, қоршаптұрған Ресейдің де, арғы жағыңда – Американың да, Қытайдың да өз мүддесі бар. Біздің де өз есебіміз бар.  Оның үстіне біз олардың бәріне керекпіз. Әзірге халықаралық аренада мемлекет аралықты сыйластықты ұстап отырған елміз. Өзара келссөз жүргізу, ынтымақтастыққа келу көпірін жоғалтқысы келмейді.

Сондықтан әуелі ел болып, жұрт болып елдің жағдайын ескеріп, шешім қабылдау керек. Екіншіден, бұл жағдайды мемлекеттік қауіпсіздік тұрғысынан қарауды ұмытпаған жөн. Байбаламға салынбай, сабырлы, салмақты шешім шығарған жөн. Екіншіден еліміздің жағдайы оның экономикалық ахауалын, елдің ішкі саяси жағдайы ғана емес, сыртқы жағдайды да бақылауда ұстауымыз керек.

Осы жағдайда президенттің ұстанып отырған саясаты дұрыс деп ойлаймын. Біріншіден, бізден гөрі ол мәселенің анық-қанығын, жан-жақты біледі. Осының бәрін ескере отырып, Қасым-Жомарт  Тоқаев ел бірлігін сақтауға, ынтымақты күшейтуге қажетті қадамдарды қабылдауда. Сол себепті байбаламға салынбай, әліптің артын бағайық. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Жазушы Бекен ЫБЫРАЙЫМОВ