Басты бетЖаңалықтарТүркістан облысында...

Түркістан облысында суға батып кеткен үндістандық студенттің денесі табылды

Іздестіру жұмыстарына 12 құтқарушы мен екі қайық жұмылдырылды. Құтқарушылар оны Ақсу өзенінің маңынан тапқан. Іздеу жұмыстарына Табылған мәйіт сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне берілді.

10 қазанда сағат 13:15-те Ханарық ауылының солтүстік жағынан 1 жарым шақырым төмен жерде іздестіру жұмыстары барысында Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Ақсу өзенінен бір адамның денесін тапты. Табылған мәйіт сараптама жүргізу үшін полиция департаментіне берілді. Екіншісін іздеу жалғасып жатыр. Іздестіру жұмыстарына Республикалық жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушысы, 1 жүзу құралы, Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің 7 құтқарушысы, 1 жүзу құралы жұмылдырылды, — деп хабарлады Түркістан облысы ТЖД.

құтқарушы, Түркістан облысы
Фото: Түркістан облыстық ТЖД