Бүгін Астанада «Қазақ аналары-дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің жиыны өтті. Онда президент сайлауына үміткер ретінде аталған бірлестік атынан Салтанат Тұрсынбекова ұсынылды. Кандидатураны бірлестіктің елордадағы 20 өкілі мен жиынға бейнебайланыс арқылы қатысқан 18 өңірдегі мүшелері қолдады.
Салтанат Тұрсынбекова – белгілі қоғам қайраткері, ҚР президенті жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары. Кейінгі жылдары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы және оның алдын алуға арналған бірнеше әлеуметтік жобаларға жетекшілік еткен.
Ол 1966 жылы Жамбыл облысында туған, отбасылы, 2 бала тәрбилеп отыр. Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 30 жылдан асады.
«Қазақ аналары-дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігі Салтанат Тұрсынбекованың құжаттарын бүгін Орталық сайлау комиссиясына тапсырмақ.