Басты бетЖаңалықтарБалалар арасында...

Балалар арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру азайды

Балалар арасында коронавирус індеті тіркеліп жатыр. Кейінгі айларда індеттің таралуы күрт төмендеді. Сегіз айда 8 мыңға жуық бала коронавирус инфекциясын жұқтырған. Ал қазіргі кезде бұл көсеткіш азайып келеді, — деді министр парламент мәжілісіндегі үкімет сағатынан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, емделіп жатқандардың ішінде 100-ден пациент стационарда ем қабылдап жатыр. Олардың көбісі ересек адамдар.

Ал балалар арасында маусымдық вирустық инфекция жүріп жатыр. Тұмаудың таралуына жол бермеу жұмыстарына дайындалып отырмыз. Осы орайда вакциналау мен басқа да алдын алу іс-шаралары қамтылған. Бұл тұрғыда негізінен тұмау қараша айында таралатыны белгілі, — деді министр.