Басты бетЖаңалықтарАлматылықтар коммуналдық...

Алматылықтар коммуналдық қызметке 1,5 миллиард теңге қарыз

Бүгінгі таңда тұтынушылардың пайдаланған ыстық су мен жылу үшін кәсіпорын алдындағы жалпы қарызы шамамен 1,5 миллиард теңгені құрайды. Оның ішінде заңды және жеке тұлғалармен қатар мемлекеттік мекемелер де бар. Қазір дебиторлық қарызды қайтару шараларын қолға алып жатырмыз, — деді Данияр Қазымбетов.

Компания өкілі қала тұрғындарын жылу мен ыстық суға қарыздарын төлеуге шақырды. Бұған дейін Алматы әкімдігі мегаполис жылыту маусымына толық дайын екенін мәлімдеген болатын.