Ақылмен инвестициялаймыз!
Қаржылық жағдайын өз бетімен дұрыстап алғысы келетіндер трейдингті таңдайды. Трейдингті түсіну оңай: ол кейін қымбатқа сатып жіберу үшін дәл қазір арзанға сатып алуды білдіреді. Мысалы, жағдай қалыпты деген күннің өзінде доллар бағамының ауытқып отыруы күніне бірнеше теңгені құрауы мүмкін. Үлкен сомаларға қатысты алғанда валюта бағамының аз ғана өзгеруінің өзі әжептеуір табыс әкеле алады.
Қаржы нарықтарында өз бетінше жұмыс істеудің басты артықшылықтарының бірі – оның қолжетімділігі. Іс жүзінде бар болғаны сізге керегі – интернет-байланыс пен сенімді брокер. ТМД елдерінде бұл бағытта бірнеше компания жұмыс істейді, алайда олардың біреуі ғана екі негізгі көрсеткіш, яғни белсенді клиенттері мен сауда айналымы бойынша №1 форекс-брокер болып саналады. Ол – Альпари.
Валюта нарығы күн демей, түн демей жұмыс істей береді (сенбі мен жексенбіден басқа күндері), сондықтан трейдер өз ыңғайына қарай іс жүргізуі мүмкін: біреулер сауда жасауға күніне бірнеше минут қана арнайды, ал енді бір мамандар терминалдың алдынан сағаттап шықпай, көптеген мәмілелерді жүзеге асырады. Трейдингті негізгі жұмыспен қатар алып жүруге әбден болады: қолыңыз бос кезде үйден шықпай-ақ сауда жасай бере аласыз.
Бұдан бөлек Альпари клиенттеріне аналитикалық сервистердің қызметін тегін ұсынады. Экономикалық жағдайды дәл бағалап, болашақ мәмілеге қатысты дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін нарық шолуларын, сарапшылардың пікірлерін, инвестициялық кеңесшілердің болжамдарын және басқа сервистерді күн сайын қолдануға болады.
Сенімді ынтымақтастық
Инвестициялауға келгенде көп адам ақша салудың дәстүрлі жолдарын таңдап жатады. Бұл ретте банк салымының халық арасында әлі күнге ең танымал құрал болып тұрғанын айта кету керек. Өкінішке қарай, қазір банктер ұсынатын пайыздық мөлшерлеме инфляцияны жабудан қалды. Ал нарықта көпшілік біле бермейтін түрлі инвестициялық өнімдер жетерлік.
Мысалы, табыс табудың тиімді құралы ретінде инвесторлар арасында кең таралған ПАММ-шоттар сервисін алайық. Мұндай шоттар бойынша табыстылық банк салымдарынан түсетін пайдадан бірнеше есе артық болуы мүмкін. Сервис бірінші кезекте трейдингті бүге-шігесіне дейін біліп, танысуға уақыты жоқ жандарға қызық болмақ. ПАММ-шоттардың жұмыс ретін түсіну оңай: валюта нарығындағы жұмысты тәжірибелі трейдер жүргізеді, ал инвестор тек ақша салады. Стратегия таңдаудан бастап нақты бір валютаны сатып алу немесе сатуға дейінгі сауда процесіне ПАММ-шотты басқаратын трейдер толықтай жауап береді, ал клиент шотқа ақшаны қашан салып, қашан шешіп алуды анықтайды. Баса назар аударатын жайт: трейдер саудаға жеке өзінің ақшасын да салады. Бұл оны үздік нәтижеге қол жеткізуге ынталандырады және әр ісін ақылға салып шешетініне кепіл болады.
Әрине, валюта нарығындағы кез келген операция белгілі бір тәуекелге баруды білдіреді. Табысты инвестор – ақпаратқа ие инвестор. Сондықтан қаржы салу туралы шешім қабылдаудан бұрын Альпари компаниясына хабарласып көруге кеңес береміз. Сонда сіздің ақшаңыз сіз үшін жұмыс істей бастайды!