Басты бетЖаңалықтарАуылға жұмысқа...

Ауылға жұмысқа баратын дәрігерлерге 2 миллион теңгеге дейін жәрдемақы бөлінеді

Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тиісті жұмысты жоспарлы түрде жүргізіп жатыр. Біріншіден, медицина кадрларын ауылға тарту үшін түлектердің міндетті түрде 3 жылдық жұмыс істеу нормасы қабылданды. Келген әрбір дәрігерге 1 миллион теңгеден 2 миллион теңгеге дейін көтерме жәрдемақы бөлінеді. Ал кейбір әкімдіктер, яғни Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында үш-бес миллионға дейін жәрдемақы бөледі, — деді министр ауылдағы денсаулық сақтау мәселесін талқалуға арналған үкімет сағатында.

Ажар Ғиният әлі де ауылға баратын дәрігерлерді әлеуметтік жағынан қолдауды күшейту керек екенін айтты.

Жыл сайын клиникалық бейіндегі 1 500 медицина кадрын даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы, гранттар бөлінеді. түлектерді бөлу жүзеге асырылады. Бүгінде ауылдық жерлерде 67 мыңнан астам медицина қызметкері, оның ішінде 13 мың дәрігер жұмыс істейді, — деді министр.

Министрдің айтуынша, бұл тұрғыда ауылдарда дәрігер жетіспейді.

Бұл мәселені шешу үшін ауылда резиденттер міндетті практикадан өту үшін «Резиденттер ауылға» қанатқақты жобасы пысықталып жатыр. Олар ауылда 6 ай мерзімде тәжірибеден өтуі керек. Мемлекет басшысы үш жылдың ішінде резидентураға берілетін гранттар санының жыл сайын 70%-ке ұлғаюын қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл қадамдар дәрігерлерді көбірек дайындауға септігін тигізеді, — деді ведомство басшысы.