Зүлфия Чиншанло ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды

Бұл туралы Olympic.kz сайты хабарлады.

Зүлфия Чиншанло 55 килограмға дейінгі салмақта алтын медальды жеңіп алды. Қоссайыс нәтижесі бойынша ол 220 (95+125) килограмм нәтиже көрсетті.

Екінші орынды 210 килограмм салмақта қытайлық Линлу Лю жеңіп алды. Үшінші орынға 193 килограмға дейінгі салмақта өзбекстандық Нигора Абдуллаева қол жеткізді.