Басты бетСпортНовак Джокович...

Новак Джокович Астанадағы ATP 500 турнирін жеңді

Сербиялық теннисші финалда әлемнің 6-ракеткасы, грециялық Стефанос Циципаспен ойнады. Есеп: 6:3, 6:4.

Осылайша, 35 жастағы сербиялық теннисші осы маусымда төртінші кубогын және АТР аясындағы 90-шы жеңісіне жетті. Новак астанадағы жеңісінен кейін 500 ұпай иеленді және 355 310 АҚШ долларын алды.

Айта кетейік, Astana open турнирі Астанада 3-9 қазан аралығында өтті.