Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде тіркеуге кедергілер жоқ айтты:
Мәселен, ҚР бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сай Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттарға қойылатын Конституция мен «ҚР сайлау туралы» КЗ талаптарына сәйкес келеді.
Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сай Қасым-Жомарт Тоқаев тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстанда соңғы 69 жыл бойы тұрады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР КЗ 54-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтау рәсімі кандидатурасы өкілеттіктердің келесі мерзіміне қайта ұсынылған, жұмыс істеп жүрген Республика президентіне қолданылмайды.
Ұсынылған дипломның көшірмесіне сай жоғары білімі бар (дипломның түпнұсқасымен салыстырып тексеру жүргізілді).
ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінен ұсынылған мәліметтерге сай мемлекеттік қызметтегі және сайланбалы мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі – 43 жыл 1 ай.
Әділет министрлігі ұсынған мәліметтерге сай Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ұсынған республикалық қоғамдық бірлестіктердің әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаттары бар.