Басты бет Жаңалықтар Кетчунез деген не?

Кетчунез деген не?

Сленг - бұл лексикалық құбылыс, бірақ әдеби емес лексика. Сленг сөздер ауызекі сөйлеу тілінде пайда болады. Бұл сөздер  эмоционалды бояуға ие. Жастар арасында өзгеше "сәнді" сөйлеуге тырысатындар көп-ақ. Бұл олардың өзгеше топқа жататынын білдіреді. Кейбіреулер "жаңа" сөздердің мән-мағынасын түсіне бермейді. Szh.kz сайты бүгін сленг сөздердің сырын ашпақ.

Шеф — бастық

Зубрить — жаттап алу, тақылдап айту

Капустаға қарау — материалдық жағдайына қарау

Ботан — көп оқитын адам

Танкасы бар — қолдау көрсететін адамы бар

Картопты жарып айту — бәрін аузына қарату

Қызды сындыру — қыздың көңілін өзіне аудару

Қоянның суретін салып кету — алдап кету, сазға отырғызу

Қораға кірді — сәтсіздікке ұшырады

Жынды — күшті, керемет

Типаж болу — менменсу.

Челендж — бәстесу, жекпе-жекке шақыру

Пранк — жеңіліс, ұтылу

Кетчунез — кетчуп пен майонездің қосындысы

Изи — ең оңай нәрсе, түкке тұрмайтын дүние

Гоу — барайық, осылай жасайық

Бро — бауыр, жақын дос

ОК — жарайды, жақсы, келістік

Зың — бәрі жақсы

Веган — ет жемейтін адам (вегетариан)

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version