Ақорданың баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, президент кездесу барысында Біріккен Ұлттар Ұйымымен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңызды екеніне назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақан Рахметуллинге БҰҰ күн тәртібіндегі барлық өзекті мәселеге қатысты жұмыстарды белсенді жалғастыруға және осы әмбебап ұйыммен өзара іс-әрекет бойынша жаңа әрі ұзақ мерзімді тәсілдерді әзірлеуге бағытталған бірқатар нақты міндет жүктеді.