Басты бетЖаңалықтарПрезидент алдағы...

Президент алдағы аптада қандай іс-шараларға қатысады?

11-12 қазанда Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тани Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.

12-13 қазанда Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған елімізге мемлекеттік сапармен келеді.

13 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді. Шара аясында президент мемлекеттер мен үкіметтер басшыларымен, сонымен қатар халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.

14 қазанда елордамызда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесі және «Орталық Азия – Ресей» саммиті жоспарланған.

15 қазанда Қазақстанға Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов мемлекеттік сапармен келеді.