Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда бір...

Қазақстанда бір ай ішінде 20 миллионға жуық кибершабуыл жасалды

Елімізде болып жатқан кибершабуылдарға тойтарыс беру жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда қауіптерді азайту үшін барлық желілік трафикті талдау және әрбір пакетті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Киберқалқан зиянды трафик пен зиянды бағдарламаларды сүзу арқылы ішкі және сыртқы периметрлік шабуылдарға төтеп беруде. Бір айдың ішінде 20 миллионға жуық кибершабуылға тойтарыс берілді, — делінген ұйымның хабарламасында.

Мемлекеттік техникалық қызметтің хабарлауынша, еліміздің қауіпсіздік жүйесіне кибершабуылдардың үдеуі Қазақстандағы сайлау кезеңінің басталуымен байланысты болуы мүмкін.