Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
Қайрат Омаров Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.