Съезд барысында 7 адам жарыссөзге шығып, олардың барлығы да алдағы кезектен тыс президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдады және партияластарын да қолдауға шақырды.
Осыдан кейін делегаттар Қазақстан Республикасының президенттігіне Amanat партиясының кандидаты ретінде Қ.Тоқаевты ұсыну мәселесін талқыға салып, бірауыздан қолдау көрсетті.
Amanat партиясы XXIV съезінің шешімімен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан ҚР президенттігіне кандидат ретінде ұсынылады, — деді съезд шешімін жариялаған Amanat партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов.