Бірлік, ынтымақ, толеранттылық, өзара құрмет, жанашырлық және әрқашан бір-бірімізге қол ұшын беруге дайын болу біздің дәстүріміз бен мәдениетіміздің негізінде жатыр. Біздің ұлттық болмысымызды қалыптастыратын бұл бірегей құндылықтарды жасанды идеологиялық құрылымдарға телу оңай емес. Бірақ, менің ойымша, бұған қажеттілік жоқ, — деді президент.
Сонымен қатар мемлекет басшысы біздің көк паспортымызды бүкіл әлем құрметтейтінін жеткізді.
Көк паспорт – мемлекеттің тірегіне айналған озық қағидаттардың нышаны. Қазақстанның төл құжатына ешбір шетелде шектеу жоқ. Біздің көк паспортымызды бүкіл әлем таниды және құрметтейді. Шет мемлекеттердің визаларын беруді қоса алғанда шетелде қазақстандық паспортқа қатысты қандай да бір шектеулер жоқ. Бұл – әділетті Қазақстанды құруға бағытталған еліміздің теңгерімді әрі жауапты сыртқы саяси бағдары мен ішкі саясатының тікелей нәтижесі, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.