Басты бетЖаңалықтарМейрам Қажыкен...

Мейрам Қажыкен Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды

Өткен аптада «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» республикалық кәсіподақтар бірлестігінде жиын болып, кезектен тыс өтетін президент сайлауына менің кандидатурам ұсынылған болатын. Ұйым мүшелері қолдап дауыс берді. Ертең орталық сайлау комиссиясына барып, үміткер ретінде тіркелу жұмыстарымен шұғылданамын, — деді Мейрам Қажыкен.

Еске салайық, бұған дейін жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – Нұрлан Әуесбаевті, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Жигули Дайрабаевті кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде ұсынған болатын.