30 қыркүйекте солтүстік антициклонның әсерінен елдің солтүстігінде, оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады.
Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның батысында жаңбыр, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), шығысында қар жауады.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, шығыста көктайғақ болады.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.