Басты бетЖаңалықтарОпера әншісі Джозеф Каллея алғаш рет Қазақстанға келеді

Опера әншісі Джозеф Каллея алғаш рет Қазақстанға келеді

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының өнер ұжымы қазанда  «Встреча с мировыми звездами» концертін ұйымдастырады.

2022 жылғы 2 қазанда сағат 18.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Үлкен залында Армениядан келген дирижер Сергей Смбатян мен АҚШ-тың опера әншісі Джозоф Каллейдің (тенор) қатысуымен ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің концерті өтеді. Симфониялық оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері – Қанат Омаров.

Бағдарламада:

Джузеппе Верди — «Набукко» операсына увертюра, «Риголетто» операсынан Герцог Мантуанскийдің «Questa o quella» ариясы, Пьетро Масканьи — «Сельская честь» операсынан интермэццо, Алексей Шор – «Crystal Palace» сюитасынан «Менің балаларыма арналған екі ән (L’ orologio magico), Risvegliati, amore!», Addio, Джиакомо Пуччини — «Тоска» операсынан «E Lucevan le stele» ариясы, Жюль Массне — «Вертер» операсынан «Рourquoi me réveiller» ариясы, Франческо Чилеа -«Адриана Лекуврёр» операсынан «La dolcissima effigie «, Руджеро Леонкавалло-Mattinata (Таңғы серенада), Эдит Пиаф – «La vie en rose «(«Қызғылт түстегі өмір»), Пабло Соросабаль — No puede ser.

  • Сергей Смбатян — Арменияның еңбек сіңірген қайраткері, Лондондағы Корольдік академияның түлегі. Бүкіл әлем бойынша түрлі оркестрлерге дирижерлік еткен.
  • Джозеф Каллеяның әлемдік опера өнеріне қосқан үлесіне баға жетпейді. Пласидо Доминго және Андреа Бочелли сынды опера өнерінің аңыздарымен бір сахнада өнер көрсететін «сөзсіз, заманымыздың үздік лирикалық теноры».

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да