Басты бетҚоғамРесеймен шекарада...

Ресеймен шекарада жасыл дәліз құрылады

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары — сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Ол Қазақстанға келген ресейліктердің саны ел халқымен салыстырғанда аз екенін және бұл олардың азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етпейтінін түсіндірді.

«Аймақтық диспропорциялар болуы мүмкін, бірақ қазір бұл мәселелерді шешіп жатырмыз. Кеше мемлекеттік органдармен, соның ішінде құқық қорғау органдарымен кеңес өткіздім. Ресей премьер-министрінің орынбасарымен де сөйлестім. Себебі шекараның арғы жағында қазақстандық азаматтар да, азық-түлік көліктері де өте алмай тұр. Келіскен сияқтымыз. Бүгін шекара қызметтері бір-бірімен сөйлеседі. Олар біздің азаматтар мен азық-түлік көліктері үшін жасыл дәліз жасауға тырысады. Бұл мәселеде үлкен проблемаларды көрмеймін», — деді Жұманғарин.