Басты бетҚоғамЕуразиялық экономикалық...

Еуразиялық экономикалық комиссия мүшелері туралы заң қабылданды

Сенаттың жалпы отырысында «2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа Еуразиялық экономикалық комиссияның кадр құрамын қалыптастыру тетігін нақтылау бөлігіне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заң қабылданды.

«Заң жобасында Еуразиялық экономикалық комиссияның лауазымды тұлғаларының еңбек шарттарының мерзімін өзгерту, мүше мемлекеттің комиссияға жұмыс істеуге түсуге ниет білдірген кандидаттарды ұлттық іріктеуді жүргізу мүмкіндігі, қызметкерлерді мерзімі шектелмеген уақыттан 5 жылдық келісімшарттарға ауыстыру, сондай-ақ жұмыс істеп жүрген қызметкерлерді өтпелі мерзімдерге ауыстыру бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа түзетулер көзделген», — деді ҚР премьер-министрінің орынбасары — сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.

Оның айтуынша, комиссияның лауазымды адамдарымен жасалатын еңбек шартының мерзімін 4 жылдан бастап комиссия алқасының жұмыс мерзімінен аспайтын мерзімге өзгерту ескерілген.

«Бұл 4 жылдық келісімшарт мерзімінің аяқталуына орай директор немесе директордың орынбасарлары комиссия алқасының жаңа мүшесінің алдына қойған міндеттерін орындауға үлгермеген кезде, комиссияның жұмысында қиындықтар туғызады. Бұл ретте жаңа лауазымды тұлғаларды тағайындау, сондай-ақ бұрын жүргізілген жұмысқа толыққанды тарту белгілі бір уақытты алады. Осы норма комиссия алқасының жаңа құрамының келуімен комиссияның лауазымдық деңгейін бір мезгілде жаңартуға мүмкіндік береді» — деді министр.

Комиссия қызметкерлерін мерзімсіз еңбек шарттарынан 5 жылдық шартқа ауыстыру қарастырылған.