Қазақстанда 1366 адам коронавирустан емделіп жатыр

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы ақпарат жарияланды.

Денсаулық сақтау министрлігінің 29 қыркүйектегі мәліметінше, 1 366 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Оның ішінде 131 пациент стационарда, 1 235 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

— 7 адамның жағдайы ауыр;

— 6 пациенттің жағдайы өте ауыр;

— 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.