«Бүгiн «Аbaialemi.kz» онлайн-энциклопедиясының мобильдi қосымшасын ашып отырмыз. Энциклопедияға қазiр күнiне дүние жүзiнен 1,5-2 мың адам кiредi. Абайдың 170 жылдығына орай ашылған жобада ақынның барлық шығармалары және Абайға қатысты барлық еңбектер, ғылыми зерттеулер жинақталған. «Абай жолы» романының түрлi аудармалары да орналастырылған», — дедi Азат Шауеев.
Оның айтуынша, бұл қазіргі ұялы телефон қолданушылары үшін тиімді тәсіл. Сондықтан ыңғайлы болсын деп «Аbaialemi.kz» энциклопедиясында «Абай жолы» романын оқымай-ақ, онлайн режимде тыңдауға болатындай жүйе жасалған.
«Қорымыз ресми iс-қағаздарды жүргiзудi үйрететiн тұңғыш «Quzhat.kz» тегiн интернет порталы мен қазақ мәдениетi мен тарихын қамтитын «Жетi қазына» мобильдi қосымшасын әзiрлеуде. Бұл жобалардың барлығы ҚР Тұңғыш Президентi-Елбасы қоры мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтiк жобаларды дамыту қорының қаржысына жүзеге асты», — деп қорытындылады Мемлекеттiк тiлдi дамыту қорының директоры.