Ұрыста тексеру: Haval Jolion краш сынақтан сүрінбей өтті

2022 жыл қытайлық автобрендтердің қазақстандық нарыққа шығып, әртүрлі беделді полигондарда резонанстық краш-сынақтардан өтуі ерекше оқиға болды. Жергілікті еуропалық немесе америкалық брендтердің сынақтары біз үшін шоу ғана болса, қазақстандықтар сатып алуы мүмкін автокөліктер сынағы мүлдем басқа.

Сондықтан премиалды «қытайлық» Haval Jolion көлігі краш-сынақтар өткізудегі бірінші тәуелсіз ұйым – аустралиялық ANCAP сынағынан өткені туралы жаңалықтың қазақстандықтарды қызықтырады.

«Сату үшін шағу»

Кез келген автокөлік өндірушісі үшін өздерінің зауыттық және полигондық краш-сынақтарын өткізу және қауіпсіздік бағаларын қоюы өндіріс процесінің ажырамас бөлігіне айналған. Алайда жаңа нарыққа шығып, бәсекелестерден асып түсу үшін, тәуелсіз «қауіпсіздік әділқазылары» қажет.

Қытайда 10 ірі автоконцерн және көлігін жеке сынау қауымдастығы бар, бірақ көлік танымал болуы үшін шетелдік алаңда тәуелсіз баға алуы қажет. Бренд үшін бұл әрдайым тәуекел. Себебі аустралиялық жүйе тым қатал және ол жақтан жақсы баға алу өте қиын. Great Wall Motor сынаққа Haval Jolion кроссоверін жіберді және бұл өте  дұрыс шешім болды.

Фото: Haval Motor Kazakhstan
Фото: Haval Motor Kazakhstan
«Жеке штурман»

Haval Jolion ішінде жүргізушіге «жеке штурман» деңгейінде қолдау көрсетіледі: көлікте автономды автоматты түрде тұраққа қою және тұрақтан артпен шығуға көмектесу, көзден таса аймақтарды бақылау жүйесі, айнала шолу камерасы, жол белгілерін тану көмекшісі және белсенді қауіпсіздіктің қамын жасайтын көптеген инженерлік және техникалық сәулеттің басқа да компоненттері орнатылған.

Енжар қауіпсіздік автокөлік соқтығысудан құтыла алмаған кезде сізді қалай қорғайтынын көрсетеді. Краш-сынақтардағы машиналарда бірінші кезекте дәл осы енжар қауіпсіздік коэффициенті тексеріледі. Қытайлық кроссовер бұл сынақта 5 жұлдыз иеленді.

Haval Jolion-дағы ересек жолаушылардың қауіпсіздігінің жалпы рейтингі — 90%. Бала жолаушылар үшін қауіпсіздік деңгейі 84%-ке бағаланды. Жаяу жүргіншілер көліктен 64% қорғалған. Жүргізушіге қолдау көрсету жүйесі де жоғары бағаға ие болды: жолақта ұстау, жол қиылысынан өткенде көмектесу және жүргізушінің күйін бақылау жоғары ұпай жинады. Нәтижесінде аустралиялық қауіпсіздік рейтингі бойынша Suzuki Jimny, Citroen C4 және Jeep Wrangler модельдеріне қарағанда Haval Jolion жоғары орыннан көрінді.

Haval Motor Kazakhstan
Фото: Haval Motor Kazakhstan

Қазақстандықтарға Haval Jolion бұрыннан таныс, біздің нарыққа ол Туладағы Haval автозауытынан жеткізіледі. Ал Баодиннен тікелей келетін көліктерді биылғы қазан айына жоспарланып отыр, мұндай ақпаратты «Астана Моторс» компаниясының еншілес компаниясы Haval Motor Kazakhstan ресми дистрибьюторы хабарлады.