Бұл туралы бүгін үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты.
«Кеше үкіметтің көші-қон мәселелеріне қатысты өткізген жиналыста айтылғанды қоғамда дұрыс түсінбей жатқандар бар. Шетел азаматтарына заң аясында қызмет көрсетіледі. Біз халықаралық міндеттерімізді орындай отырып, өз еліміз бен халқымыздың мүддесінен жоғары құндылық жоқ екенін ұмытпауымыз қажет. Ең маңызды мәселенің бірі — құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік», — деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысы арендалық тұрғын үй бағаларының өсуінен азаматтар қиын жағдайға тап болып отырғанын айтып, жауапты органдар тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыру бойынша тиісті шараларды қабылдау қажеттігін айтты.