Басты бетЖаңалықтарМаңғыстау облысында...

Маңғыстау облысында 500 000 теңгелік грантқа өтінім қабылданып жатыр

23 тамыз күні шағын гранттар конкурсына өтінім қабылдау басталды. Өтінім берудің соңғы күні — 6 қыркүйек.

Конкурсқа қатысу үшін бірқатар өлшемшарт берілген. Алдымен, өтінім берушінің және өтінім беруші бастамашыл топ мүшелерінің жасы өтінім берген сәтте 18-ден 28 жасқа дейін (қоса алғанда) болуы тиіс және өтінім беруші жастар ұйымдары, ҮЕҰ-дар Маңғыстау облысының аумағында тіркелуі тиіс. Содан соң өтінім беруші жеке тұлға және өтінім беруші бастамашыл топ мүшелері өтінім берілген сәтте Маңғыстау облысының аумағында кемінде 3 (үш) ай тұрақты немесе уақытша тіркеуі болуы тиіс және өтінім берушінің Маңғыстау облысының аумағында тұрақты немесе уақытша тіркеуі тиісті құжаттармен расталуы тиіс. Жоба шарты бойынша өтінім беруші жеке тұлға, бастамашыл топ немесе өтінім беруші жастар ұйымы, ҮЕҰ-дар конкурсқа қатысу үшін тек 1 (бір) әлеуметтік жобаны ұсына алмақ.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші жоба туралы өтінімді толтырып [email protected] электронды почтасына жолдауы қажет. Әлеуметтік жобаны ұсынушы жастар жоба ережесіне сәйкес 16 бағытты таңдауы қажет.