Басты бет Жаңалықтар Көк-Жайлау аумағында өрт шықты

Көк-Жайлау аумағында өрт шықты

Көк-Жайлау аумағындағы тау беткейінде қураған ағаштар өртенді. Бұл туралы Алматы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Көкжайлау. Фото: Liter.kz

Департаменттің хабарлауынша, 1720 метр биіктікте, Көк-Жайлау жолы маңындағы тау беткейінде қураған ағаш өртенді.

«Жоғары дәрежеде Алматы Төтенше жағдайлар департаменті, Іле-Алатау МҰТП, «Қазавиалессохрана» АҚ күштері мен құралдары тартылды», — делінген хабарламада.

Exit mobile version