Басты бет Жаңалықтар #TazaAlmaty. Әкім бастаған топ Көкжайлаудағы қоқысты жинайды

#TazaAlmaty. Әкім бастаған топ Көкжайлаудағы қоқысты жинайды

Алматыда #TazaAlmaty қаланы тазарту акциясы өтеді. Шара Премьер-министр Асқар Маминнің бастамасымен жалпыреспубликалық #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясына үн қосу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Фото: Visit Almaty

27 шілдеде #TazaAlmaty экологиялық акциясының алғашқы кезеңі — Көкжайлау шатқалын тазартуды Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бастайды.

Челленджге қатысушылар шатқалға 5 шақырым соқпақпен көтеріліп, жол бойындағы қоқысты жинайды.

Акцияның мақсаты — мегаполисті қоршаған ортаны жақсартуға үлес қосу және экологиялық мәдениетті дамыту.

Бүкіл қаланы қамтитын #TazaAlmaty акциясы аясында аудандардың ластанған аумақтары тазарады.

Экологиялық акцияға Алматының барлық тұрғыны шақырылады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version